ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТАНДЫРУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-да Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жазира Жылқышиева мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асырудағы жұмыстар туралы брифинг өткізді.
Департамент басшысы Елбасы ұсынған 5 институттық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталғанын атап өтті. Осы бағыттағы жаңалықтардың бірі – мамыр айында департамент пен жастар ресурстық орталығы арасында жастар кадрлық резервін құру туралы меморандум қабылданды. Сөйтіп, мемлекеттік қызметтің кадрлық резервін қалыптастыруға бастама жасалды.
- Мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбекақы белгілеу тәртібі өзгереді. Қолданысқа енгізілетін факторлы-балдық шкала қызметшілердің еңбегіне сай әділ жалақы алуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру үшін бонустар төленеді. Басқа жерге ротациялау кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілер заң аясында жекешелендіру құқығынсыз қызметтік үй-жаймен қамтылады, - деді Жазира Жылқышиева.
Шетелдік жұмыскерлер мемлекеттік лауазымға орналаса алмайды және лауазымды адамдар бола алмайды. Келесі жылы аттестаттау өткізіледі. Бүгінде ол үшін қосымша алаңдар әзірленуде.
Брифинг соңында департамент басшысы мен «Өркениет Қызылорда» қоғамдық қорының төрағасы Нұрхан Жәлиев азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттандыру саласындағы ынтымақтастық және ықпалдастық туралы меорандумға қол қойды.
Назерке САНИЯЗОВА