1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛҒАН МОРАТОРИЙ АЛЫНАДЫ - Ж.АСАНОВ
1 шілдеден бастап прокуратура органдарына жұмысқа қабылдауға қойылған мораторий алынады. Бұл туралы бүгін «Прокуратураға үздік кадрлар!» деп аталатын дөңгелек үстел барысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлім етті, - деп жазады «Қазақпарат».
«Біздің кадрлық қызметке ертеңгі күннен, 1 шілдеден бастап жаңа форматта қызметкерлерді іріктеуді бастауды тапсырамын. Ертең жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында барлық бос орындарға алдағы конкурстың басталатындығы туралы жариялайық. Заңда көрсетілген газеттермен ғана шектеліп қалмай әлеуметтік желілерге де арқа сүйеу қажет. барлық халық біздің конкурс бастағанымызды білсін», - деді ҚР Бас прокуроры.
Оның айтуынша, жұмысқа қабылдау процесі екі кезеңнен тұрады. Бастапқыда іріктеу, одан кейін конкурс өткізіледі. Іріктеу кезеңінде кандидат заң бойынша тест тапсырып, медициналық және арнайы тексеруден өтеді. Екінші кезеңде сұхбаттасу мен тағылымдама орын алады. Тағылымдама 10 күнге созылады. Дәл осы тағылымдама кезінде кандидат өз еркімен 4 тапсырманы орындауы тиіс. Атап айтқанда, өзінің өмірлік тәжірибесін сипаттап, эссе жазуы, кейстік тапсырмаларды шешуі және психологиялық зерттеуден өтуі тиіс.