ҚЫЗЫЛОРДА-ЖЕЗҚАЗҒАН ЖАҢА ЖОЛЫ 2021 ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қызылорда-Жезқазған жаңа жолы 2021 жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы халықпен есептік кездесуі барысында сауалға жауап берген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп жазады «Қазақпарат».
«Жалпы айтқанда, соңғы 5-6 жылдың ішінде Қызылорда облысының жол саласына бюджеттен көп инвестиция барды. Ол - Шымкенттен Қызылордаға, Қызылордадан Ақтөбеге баратын жол. Бірақ, Қызылордадан Жезқазғанға, одан ары Қарағандыға баратын жолдың сапасы өте төмен. Біз бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Күнде банктермен кездесу өткізудеміз. Біз мынадай шешімге келдік. Бізге бірнеше банк ақша берейтін деп отыр. Оның ішінде Азия даму банкі, Еуропа даму банкі бар. Біз олармен келісімге келіп қол қоямыз. Келесі жылдың соңында не болмаса 2018 жылдың басында жолды салу жұмыстарын бастаймыз. Жол салу жұмыстарына 3 жыл кетеді. Сондықтан 2021 жылы бұл жолдың құрылысын бітіреміз деп жоспарлаудамыз», - деді министр.