ЕРТЕҢНЕН БАСТАП ЖОЛАҚЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
2016 жылдың 1 шілдесінен бастап Қызылордада жолақы қымбаттайды. Бұл туралы қоғамдық көліктерге хабарландырулар ілінді.
Бұған дейін қалалық мәслихаттың кезектен тыс ІІІ сессиясы өтіп, онда қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марсбек Молдабаев алдағы уақытта қаладағы қоғамдық көліктерде жүру құнының көтерілетінін жеткізген болатын. Осы арқылы жергілікті билік автобустардың жағдайын жақсартып, тұтынушыларға қолайлы жайлы жағдай жасағысы келеді.
Сонымен ертеңнен бастап жолақы ересектер үшін 50 теңгенің орнына – 70 теңге, оқушылар үшін 20 теңгенің орнына 30 теңге боп белгіленді.