МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАННАН КЕЙІН 9,8 МЛН АДАМ МЕМЛЕКЕТ ЕСЕБІНЕН ЕМДЕЛЕДІ
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан кейін әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындар қатарына кіретін 9,8 млн-нан астам адам медициналық көмекті мемлекет енгізетін жарна есебінен алады. Бұл туралы халыққа есеп берген ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу (МӘМС) бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. МӘМС енгізілгеннен кейін Қазақстанда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындар қатарына кіретін (азаматтардың 12 санаты) 9,8 млн-нан астам адам медициналық көмекті мемлекет енгізетін жарна есебінен алатын болады», - деді ведомство басшысы.
Министр ағымдағы экономикалық жағдайға қарамастан, Үкімет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін уақытылы әрі толыққанды орындап отырғанын атап айтты.
2016 жылы ынтымақты зейнетақы 9%-ға ұлғайтылды, барлық жәрдемақылар 7%-ға, мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағы 25%-ға артты.
Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмасы азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы шаралардың жалғасы болып табылады.
Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің үш түрі атаулы әлеуметтік көмек түріне (АӘК) жаңа үлгіде өзгертіледі. Ол отбасының жұмысқа жарамды мүшелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі
Сондықтан 2014 жылы 3 аймақта пилоттық режимде, 2015 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап республиканың барлық облыстарында (38 аудан мен қала) басталған «Өрлеу» жобасының аясында жаңа әдістерді жүзеге асыру сатылай жүргізіліп келеді.
«Өрлеу» жобасы қатысушыларының жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астам ұлғайды; АӘК алушалыр саны 31,8%-ға, балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2,1%-ға азайды; жобаның жұмысқа жарамды мүшелерінің 90%-ы жұмыспен қамту шараларына қатыстырылды.