ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДАМУ-КӨМЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫ 5 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТҚА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қызылорда қаласында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында тағы 5 мүгедек жанға демеушілік көмек көрсетілді.
Жас кәсіпкер Рүстем Адинаев ашқан оқу орталығында негізінен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ұялы телефондарды жөндеуге машықтандырады. Орталықтың алғашқы 5 оқушысына арналып «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында жиһаздар жасалынды. Демеушілік қолдау көрсеткен ЖК «Ай-Диль»компаниясының директоры Жанар Найзабекова.
Кәсіпкер Рүстем Адинаев бала кезінен электронды құрылғыларға қызығушылығы басым болатын. 2004 жылы ол сауда орталығынан шағын павильон жалдап, сонда шеберхана ашты. Осы салада біраз тәжірибе жинақтаған Рүстем Адинаевмүгедектігі бар азаматтарды ұялы телефонды жөндеуге тегін үйретуді қолға алды.
Жеке кәсіпкердің сөзінше, ұялы телефондар жөндеу саласында бизнес ашу өте тиімді болып табылады. Өйткені қазіргі таңда кез-келген адамның өмірін смартфон мен планшеттерсіз елестету қиын. Күнделікті пайдаланылатын зат болғандықтан, олар жиі бұзылып жататын баршаға анық. Сондықтан гаджеттерді жөндейтін сервистік орталықтардың жұмысына сұраныс әрқашан жоғары.
- Менің ойымша, ұялы телефондар жөндеу саласында бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аса қолайлы кәсіп. Аталған қызмет түріне әрдайым сұраныс бар және бастысы үлкен қаржы салымдарын талап етпейді. Жақсы икем мен біршама құрал-саймандар болса, кез-келген азамат осы бизнесті жүргізе алады. Міне сондықтан да мен мүгедектерге арналған оқу орталығын ашуды ойлап, шәкіртім Ерболат Ұзақпен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ұялы телефонды жөндеуге тегін оқытудамыз. Бізге оқудан өтуге келетін азаматтарды мүгедектерге арналған облыстық сауықтыру орталығы жолдайды және олар аптасына үш рет бізге инвотаксимен келуде, - дейді Рүстем Адинаев.
Жас кәсіпкердің байқауынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердәң бірі болып тұр. Рүстем шәкірттеріне өз кәсібін ашуға, және өзін-өзі жұмыспен қамтуға жағдай жасайды.
- Мен өз тарапымнан кәсіпкер Жанар Найзабековаға және Даму Қорына көмек көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін. Бізге оқу орталығын ұйымдастыру оңай болған жоқ, офисті жиһазбен және барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек болды. Сондықтанда мен Даму Қорына көмек көрсетуге өтініш жазып, қолдауға ие болдым, - дейді кәсіпкер.
Өзінің ең икемді оқушыларын жеке кәсіпкер Рүстем Адынаев шеберханасына шақырып, тұрақты жұмыспен қамтуға тырысады. Оқу орталығында көзге түсіп, өзінің икемін көрсеткен шәкірт Бауыржан Таиров бірінші топ мүгедегі. Қазіргі таңда ол Рүстемнің сервистік орталығында шебер болып жұмыс жасайды. Кәсіпкердің сөзінше, Бауыржан мүгедектік арбасына таңылғанына қарамастан, бірде-бір оқыту сабағын жібермей, техниканы жөндеуді тез үйренді, сондықтанда оны қуана жұмысқа қабылдаған.
- Шебер жұмысын отырып атқарады және бұл мүгедек арбасындағы адамға өте қолайлы. Алайда оның жұмысқа жетуінде және ғимараттардың ішіне кіруі кезінде қиындықтар бар,- дейді Рүстем.
Кәсіпкер алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы 4 жаңа жұмыс орнын ашуды қолға алмақшы.