ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Кеше қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай, шығармашыл қауым өкілдерін қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік қабылдауға республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатыстырылды. Шара барысында мерекелік кездесудің тартуы ретінде еңбегімен ерекшеленіп жүрген бірқатар журналистер қауымы арнайы номинациялармен және «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Б.Бердібаев, «Час Пик» газетінің бас редакторы И.Бекеева, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының бас инженері Б.Шөкеновтер қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Кездесу барысында қала әкімі Н.Нәлібаев: "Дана халқымызда «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген сөз бар. Қоғамдағы келеңсіздіктер мен кемшіліктер, теріс көзқарастар мен пікірлер қай кезеңде де болары анық. Бастысы, сол сынның шығу тегі мен оны шешу тетігін таба білу, бұл үлкен парасаттылық пен пайымды қажет ететін дүние. Арзан ақпаратты желеу еткен сенсация емес, халықтың көкейтесті мәселесін жеткізу, сол арқылы байыбына барып бағасын беру, ең бастысы - елдің бірлігі мен берекесін сақтап, халық пен биліктің бағытын бір арнада тоғыстыру секілді абыройлы міндетті арқалаған бұқаралық ақпарат құралдарының еңбегіне халықтың берер бағасы да ерекше. Сондықтан да, Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған журналистер қауымы - Сіздердің бұл еңбектеріңіз әркез жоғары құрметке лайық" - дей келе, қалам қуатымен Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту жолындағы қызметтеріне алғысын білдірді.