ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ҰЖЫМЫ ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бұқаралық ақпарат құралдары еліміздің қоғамдық және саяси өмірін көрсететін төртінші билік өкілі екендігі ешкімге де жұмбақ емес. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының тұрғындарын, қоршаған ортасын, экономикалық әлеуеттілігін төтенше жағдайлардан қорғау егемен еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Журналистердің кәсіби шеберлігінің арқасында халқымыз еліміздегі өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлігі мен іскерлігін тани білді. Олардың жариялаған ақпараттарынан өрт сөндіру, аварияларды жою, оқу-жаттығуларды өткізу туралы хабар тұрғындарға жедел жете білді.
Осыған байланысты 2016 жылдың 28 маусымында Қызылорда облысы ТЖД ұжымы Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жұмыстарын көрсетуге белсене атсалысқан қалам мен микрофон иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Осы бағыттағы ізгі ниеті мен Төтенше жағдайлар департаменті ұжымының атынан құттықтау сөзін қанатты қалам иелеріне Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы жеткізді:
- «Күн сайын орта есеппен 10-15 шақырулар түсіп, өрт сөндіруші жауынгерлер мен құтқарушылар алапат өртті ауыздықтауға атсалысып келеді. Тұрғын үйлер, саяжай, учаске, автокөліктер өртенуде. Олардың мақсаты - өртті сөндіріп, адам өмірі мен материалдық құндылықтарды құтқарып қалу. Журналистер осы кезде де жауынгерлердің қиын да қатерлі ерлігін көрсету үшін от кешіп кететіндері де бар.»
Облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бағытындағы іс-шараларға өз үлесін қосып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін арнайы алғыс хат және сый-сияпаттармен марапаттады.
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы