ЮНИСЕФ САРАПШЫЛАРЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУДА
Қызылордада облыс әкімдігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесуімен жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру бойынша жұмыс басталды.
Осыған сәйкес жастар үшін олардың қажеттіліктеріне жауап беретін қызмет түрлерін әзірлеу, жастармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, орталық қызметкерлерінің жергілікті деңгейде жастар үшін, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға бағдарламалар және тиімді қызметтер жоспарлауды үйрету мақсатында 27 маусымнан 1 шілдеге дейін ЖРО үшін арнайы тренингтер топтамаларын бірінші кезеңі жүргізіледі. Оқыту-курсы Қызылорда облысынан бастау алып, сонан кейін тәжірибені өзге өңірлер қабылдайды. Оқыту аясында жастар ресурстық орталықтары қызметінің жаңа моделі құрылатын болады.
Қызылорда облысының жастар ресурстық орталықтары жұмысының жетілдіруде сарапшылық қолдауды Алекс Фэрроу басшылығымен (Германия,Ұлыбритания) жастар саясаты зертханасы өкілдерінен тұратын ЮНИСЕФ халықаралық сарапшыларының тобы қөрсетуде. Оқыту – курсы бес күндік екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жастар мен жасөспірімдердің әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қажеттіліктеріне басты көңіл аударып, жастармен жұмыстың негізгі дағдыларына, жастармен қарым-қатынас нысандарына, жастар саясатын жүзеге асырудағы ерекшеліктерге, жастар ресурстық орталығы жұмысының жоспарын және тұжырымдамасын әзірлеуге, жастардың қажеттіліктерін бағалау және жоспарлау әдіснамасына назар аударылады.
Негізгі назар - жұмыссыз, уақытша жұмыста жоқ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, өмірдің қиын жағдайына тап болған, сондай-ақ, жағдайын жақсарту үшін ынталандыруға және тәлімгерлікке, психологиялық – кеңес беру қолдауларын қажет ететін жастарға бөлінетін болады.