ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мерекелік шара ұйымдастырды.
Оған республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Департамент бастығы Ғанибек Отарбаев мереке иелеріне журналистік шеберліктерінің ұдайы өсіп, оқырмандардың ыстық ықыласына бөлене берулеріне тілектестік білдірді. Пенитенциарлық жүйенің қызметін жария етуде қылмыстық-атқару жүйесінің оң беделін нығайтып, шынайы көзқарасын қалыптастыруда қосқан үлестері үшін оларды грамотамен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.
Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД