ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДАМУ-КӨМЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша демеушілік көмек көрсетілді. Қолдауға үш мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер ие болды.
Шиелі ауданының тұрғыны Асылбек Смайлов 2000 жылы жол көлігі апатына ұшырап, аяғымен жүруден қалған. Асылбектің жұбайы да екінші топ мүгедегі және олар бірге екі қызды тәрбиелеп отыр. Мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан, Асылбек Смайлов туған кентінде өз бизнесін бастап, жастардың және мүгедек азаматтардың сүйікті демалыс орнына айналған компьютерлік клубтың жұмысын жүргізуде. Кәсіпкердің сөзінше жаздың ыстық күндерінде клуб тұтынушылары тарапынан салқын сусын мен балмұздаққа тапсырыс көп түседі, алайда аталған саудамен айналысуға мұздатқыш қажет. Асылбектің ол мұздатқышты сатып алуға қаражаты жеткіліксіз болғандықтан, "Даму-Көмек" бағдарламасы бойынша өтініш жазды. Асылбек Смайловтың өтінішіне табысты кәсіпкер Мырзабай Шалхумбаев құлақ асып, аз уақыттың ішінде оған мұздатқыш сатып алуына кеткен қаражатты өтеп берді.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында Бидакүл Байманова (2 топ мүгедегі) және ВалентинаҚалменоваға (1 топ мүгедегі) көмек көрсетілді. Олардың жалғыз табыс көзі болған мүгедектік зейнетақы бүгінде дәрі-дәрмек шығынын да өтей алмауда. Денсаулықтары сыр бергенге дейін екі азаматша да тігін цехтарында жұмыс жасаған және бүгінде көршілері мен туыстарынан тапсырыс түссе түрлі бұйымдар тігумен айналысып келеді. Жүрегі жұмсақ кәсіпкерлер Мырзабай Шалхумбаев пен Руслан Сәрсенбаевтың демеушілік көмек көрсетуі арқасында мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер өз құрылғыларын жаңартуға мүмкіндік алды. Оларға көпфункциалы жаңа тігін машиналары табысталды.
Даму Қоры«Даму-Көмек» бағдарламасы асяында демеуші ретінде қолдау көрсеткен Мырзабай Шалхумбаев пен Руслан Сәрсенбаевқа зор алғыс білдіреді.