ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі А.Меңдіғалин үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуының алдын алу бағытындағы шараларға белсенді қатысып, бірлесіп нәтижелі жұмыстар жасағаны үшін «Арылу» қоғамдық қорының Қызылорда облысындағы филиалының төрағасы Юн Владимир Петрович пен Туризм федерациясының Қызылорда облысындағы филиалының төрағасы Досмайылов Бахытбек Абласанұлына алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың Грамотасын табыс етті. Сондай-ақ, полиция полковнигі Асылғали Шеңдіғалиұлы осы жасалып жатырған жұмыстардың есірткі бизнесіне қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесуде маңызы зор екендігін атап өтіп, осы бірлескен жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі