ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөз, - облыстық прокуратураның ғимаратында облыс прокуроры Халидулла Дәуешов Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлады.
Іс-шараға республикалық «Хабар», «Қазақстан», «Астана» телеарналары мен «Заң» газеті, «Казахстанская правда», «Караван», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және тағы басқа да басылым тілшілері қатысты.
Кездесуде Х.Дәуешов: Ішкі саяси тұрақтылық пен келісім үшін қажет қоғамдық пікірді қалыптастырып, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда жеткізетін тілшілердің орны бөлек. Сонымен қатар, Елбасымыз бастаған биіктерге қол жеткізу жолында бұқаралық ақпарат құралдарына артылған сенім жүгі де ауқымды.
Әсіресе, халықты құқықтық мәдениетін арттыру, прокуратура органдарының жарқын хабаршысы ретінде айтарлықтай үлес қосып келесіздер. Олардың арасында қадағалау саласының оң бейнесін қалыптастырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту да өз үлесін қосып келе жатқан қалам иелері аз емес, - дей отырып, шығармашылық шабыт пен қиын да қажырлы еңбектеріне табыс тіледі.
Қадағалау саласының БАҚ-пен өзара іс-қимылының маңызыдылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осы бағыттағы игі істердің жалғасын табатынына сенім білдірді.
Шара барысында прокуратура органының оң бейнесін қалыптастырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту да өз үлесін қосып келе жатқан қалам иелері облыс прокурорының алғыс хатымен марапатталды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі