ЕЛІМІЗДЕ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz.
Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қостанай, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрып, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да жел күшейіп, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.