МЕКТЕП ЖАСЫНЫҢ СОҢҒЫ БЕЛЕСІ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 149 оқушысына аттестаттар табысталды. 2016 жылдың түлектеріне орта білімдерін растайтын құжаттарды тапсыру рәсіміне арналған салтанатты шара мектеп қабырғасында өтті.
Руслан Жағыппар үшін бүгінгі күн тіпті ерекше. Елбасы атындағы білім ордасының 2016 жылдың түлегі атанған ол «Алтын белгімен мараптатталды. Барлық сыныптастарының атынан білім нәрімен сусындап, саналы тәрбие берген ардақты ұстаздарына бүгін айтар алғысы шексіз.
Руслан Жағыппар, Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі: Біз Назарбаев мектебінде білім алу мүмкіндігіне ие болған бақытты оқушымыз. Осы білім шаңырағында ана тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, ғылым мен білімді қырынан зерттеп, сыни ойлауды үйрендік. Осының барлығы мұғалімдердің арқасы деп білемін.
Биылғы 2016 жылдың түлектері айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бір оқушы Алтын белгінің иегері атанса, тағы 3 жас зияткер ерекше үлгідегі аттестаттарын дәлелдеді. 18 түлек бүгінде Қазақстан, Рессей және Гонконг елдеріндегі ЖОО грант иегерлері атанды.
Алтын белгі мен орта білімдерін растайтын құжаттарды тапсыру құрметіне ие болған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ департамент директорының орынбасарыЖамиля Есанова және мектеп директоры Гульмира Мункеева жас зияткерлерге ыстық лебіздерін жеткізе отырып, сәт сапар тіледі.
Гүлмира Мункеева, Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры: Түлектеріміз үшін биылғы жыл ауыр болды. Себебі олар халықаралық емтихан орталығының бағдарламасына сәйкес 9 пәннен емтихан тапсырды.Әр емтихан 3 кезеңнен тұрды. Алғашқысында оқушылар тест тапсырмаларын орындаса, екінші кезеңде күрделі есептердің шешілу жолдарын қарастырды. Соңында практикалық жұмыстар бойынша білімдерін саралады. Барлық түлектер қорытынды емтихандардан сүрінбей өтіп, жақсы нәтижелер көрсете білді. Қазіргі уақытта алған бағалары ҰБТ балына айналдырылды.
Сонымен, қорытынды емтихан нәтижелері бойынша 22 бала ең жоғары 125 балл жинады, 95 оқушы 100-ден жоғары балл алса, қалған түлектер 90-нан жоғары жинады. Жалпы алғанда, түлектер үлгірімінің орташа баллы 115,4 құрады.
Нартай Дүйсен, Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі: Бұл мектеп біздің екінші үйіміздей болып кетті. Аптасына 6 күн, күніне 24 сағатты осы жерде өткердім. Сондықтан, Назарбаев Зияткерлік мектеп мен үшін жүрекке ең ыстық жерлердің бірі болып қалады. Бұл мектепті мен ешқашан ұмытпаймын. Және де бұл мектептің атына лайықты азамат болуға тырысамын. Барлық педагог қызметкерлердің артқан үмітін ақтаймыз деген уәде береміз. Баршаларыңызға үлкен рақмет!
Әсем әнмен керемет билер көрініс тапқан шара әрі қарай бітіруші түлектердің артынан ерген төмен сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен жалғасты. Соңында бітіруші түлектер өз ұстаздарымен қосылып мектеп әнұраның соңғы рет орындады.