ҚЫЗЫЛОРДА ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ЖАҢА ТЕРМИНАЛЫ ҮШІН ЕУРОПАЛЫҚ БАНК 1,7 МЛРД ТЕҢГЕ НЕСИЕ БӨЛЕДІ
Еуропаның қайта құру және даму банкі Директорлар кеңесінің делегациясының Қазақстанға екі күндік сапары басталды, - деп жазады «Қазақпарат».
Сапардың алғашқы күнінде Директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдай талқыланып, ҚР Үкіметтің экономикадағы жұмыстары сөз болды.
«Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен кездесу нәтижелі болды. Жалпы, бес министрліктің делегациясы қатысты. Өздеріңіз білесіздер, Еуропаның қайта құру және даму банкі жыл сайын Қазақстанға шамамен 700 млн еуро инвестиция құяды. Яғни, бүгінгі кездесу барысында Қазақстан мен Банк арасындағы терең әріптестік сөз болды», - дейді дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Астанада баспасөз мәслихатын өткізген ЕҚДБ директорлар кеңесінің мүшесі Рафаэль Бело.
Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның екі өңірінде екі жобаны жүзеге асыру үшін несие бөлу туралы құжаттарға қол қойылған. Бірінші құжат - Орал қаласының жылу желісін модернизациялау болса, екінші жоба - Қызылорданың әуежайына қатысты.
Тарқата айтсақ, бастапқы қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес, Еуропалық банк Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» атындағы әуежайына жаңа жолаушылар терминалын салып, әуежайдың инфрақұрылымын жаңарту үшін 1,7 млрд теңге көлемінде несие бөледі.
Қазақстанның Үкіметі мен қызылорда облысының әкімдігі өз тарапынан да бұл жобаны қосымша қаржыландырмақ.