ҚЫЗЫЛОРДАДА «КАМАЗ» АРНАЙЫ ТЕХНИКАСЫН ЖӨНДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛМАҚ
Қызылорда облысында Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысында жалпы құны 478 752 320 теңге болатын 4 шағын және орта бизнес субъектілерінің жобалары қолдау тапты.
Несие пайызына мемлекеттен субсидия алуға қол жеткізгендер қатарында ЖК "Үсенбаева", «Теплотехникс2» ЖШС-і, «Мелиоратор» ЖШС-і және «Сырдария-Авто» ЖШС-і бар. Жоғарыда аталған кәсіпкерлер "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында өз бизнестеріне 7 пайызбен несие алатын болды.
«Сырдария-Авто» ЖШС-ің негізгі қызметі автокөліктер мен арнайы техникаларды және олардың қосалқы бөлшектерін сату болып табылады. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан жаңа жоба мақсаты "Камаз" арнайы техникасын жөндеу орталығын ашу. Компания "БЖК-2020" аясында "ВТБ Банк (Қазақстан)" АҚ-нан 90,0 млн.теңге көлемінде несие рәсімдеп, оның 5%-ын мемлекет өтесе, ал 7% кәсіпкер төлеп қайтаратын болды.
Барлығы Қызылорда облысында жыл басынан АҮК-де жалпы құны 3,5 млрд теңге болатын 52 жоба мақұлданды.
Шынар БЕКБАН