ҮШ ЖАРЫМ ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНДА БОЛҒАН ОННАН АСТАМ ЛАҢКЕСТІК ОҚИҒАЛАРДА 21 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
2011 жылдан бері Қазақстанда оннан астам террористік оқиға орын алып, оның салдарынан 21 адам қаза тапты. Соның 17-сі құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлері. Кеше Парламент Сенатының жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, жүзден астам Қазақстан азаматтары шетелді террористік ұйымдардың ықпалында жүргені белгілі болған.
"Жасырын емес, осы ұйымдар өздерінің теріс пиғылын Қазақстанға әкеліп таратуға ұмтылуда. Алғашқы кезеңмен салыстырғанда экстремизм мен терроризмге қарсы күрес әлдеқайда күшейді деуге негіз бар. Мәселен, тек былтырдан бері арнайы органдар 9 террористік актінің алдын алды", - дейді Жақып Асанов.
Терроризм бабы бойынша сотталған азаматтардың ақшалай операциялары бақылауға алынады
Мәселен, оның сөзіне қарағанда 2014 жылдың сәуірінде Ақтөбеде радикалды діни идеологияны ұстанатын адам қазақстандықтарды Сирияға барып, қарулы әрекеттерге қатысуға үгіттеп, құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған. Соттың үкімімен олар бес жылға сотталды.
Бұдан былай Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелде лаңкестік әрекеттерге қатысу пиғылы білінетін адамдарға ресми ескерту жасайтын болады.
"Кейбір ағайындарымыз шетелдерге барып лаңкестік әрекеттерге қатысуда. Олардың осындай қадамға баруының алдын алу үшін мемлекеттік құрылымдарға ешқандай өкілеттік берілмеген. Сондықтан да, Ұлттық қауіпсіздік органдары ондай ниеті бар азаматтарға шетелге бармау жөнінде ресми түрде ескерту жасауға құқылы болмақ. Ал ескерту орындалмаған болса, ондай азаматтардың қылмыстық жауапкершілігі ауырлай түседі", - дейді Жақып Асанов.
Мәселен, оның сөзіне қарағанда 2014 жылдың сәуірінде Ақтөбеде радикалды діни идеологияны ұстанатын адам қазақстандықтарды Сирияға барып, қарулы әрекеттерге қатысуға үгіттеп, құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған.
Сонымен қатар, Қазақстанға келіп жатқан шетелдіктің экстремизм мен терроризмге қатысы бар деген ақпарат болса, онда оларды елімізге кіргізбеу шаралары қарастырылып отыр. Бас прокурор орынбасарының сөзіне қарағанда, соңғы 5 жылда 70-тен астам шетелдік азаматтың радикалдық ұстанымы тек біздің елімізге кіргеннен кейін ғана белгілі болып, ұсталған.
Бұдан бөлек, террористік қылмыстар үшін сотталып, жазасын өтеп, бостандыққа шыққан адамдардың барлығына қаржылық мониторинг жүргізіледі.
"Бұл дегеніміз, әлгіндей бап бойынша сотталған азаматтардың ақшалай операциялары бақылауға алынады деген сөз. Ондай операциялар заңсыз болса дереу тоқтатылып, тез арада құқық қорғау органдары тиісті шараларды қабылдайтын болады", - деді Жақып Асанов.
Сонымен қатар, Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика комитеті барлық экстремистік және террористік ұйымдардың тізімін жүргізетін болады. Мұндай ақпараттар комитеттің ресми сайтында ашық түрде жарияланып, кез келген адам үшін қолжетімді етіледі.