ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ БАҒАМ АЙЫРМАСЫ БОЙЫНША ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕЙ БАСТАЙДЫ
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2016 жылдың 25 маусымында өтемақының алғашқы траншын төлей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 маусым күні салымшылар шотына 23.6 миллиард теңге көлемінде бағам айырмасының алғашқы траншы беріледі. Оның 8,6 миллиард теңгесі банктің жеке қаражатынан бөлінбек.
"Өтемақы, бірінші кезекте, 2016 жылдың 31 мамырына дейін банкпен қосымша келісімге қол қойып үлгерген салымшыларға төленеді. 221705 салымшы 122,9 миллиард теңгені құрайтын депозиттің жалпы сомасынан өтемақы алады", - деп мәлімдеді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметінің өкілдері.
ҚТҚЖБ 1 маусымда өтемақы алуға қосымша келісім жасау мерзімі бір айға ұзарғанын хабарлаған еді. Қазіргі таңда өтемақы төлеуге жататын 452167 салымның 140464 шартына әлі де қол қойылмаған. Олардың басым бөлігі шоттарында 1 миллион теңгеден аз сома жатқан клиенттер. Банктің баспасөз қызметі қосымша келісімге қол қоюға соңғы 8 күн қалғанын ескертіп отыр. Үлгермеген жағдайда ол салымшылар өтемақыдан қағылады.
Өтемақының алғашқы траншының қалған 9,3 миллиард теңгесі биылғы 1 тамызға дейін беріледі. Ол қаражатты уақытында қосымша келісім жасап үлгермей, ұзартылған уақытта келісім жасасқан салымшылар алады.
Банк салымшыларына бағам айырмасының екінші траншы толық көлемде 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін төленеді. Жалпы алғанда, өтемақы көлемі 35,5 пайызды құрайды. Салымшыларға 2016 жылы 19,2 пайыз немесе 32,9 миллиард теңге, ал 2017 жылы 16,3 пайыз өтемақы төленеді. Ол 28 миллиард теңгені құрайды.