ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ӨЗ КЛИНИКАСЫН АШТЫ
Гүлсім Алашбаева өзінің жеке клиникасын ашуды мемлекеттік емханада 30 жыл жұмыс жасағаннан соң ойлады. Медициналық бизнестің қыр-сырын зерттеген Гүлсім жеке клиникасын ашуға кірісіп, бизнесін ұйымдастыруға жоспар құрды.
Кәсіпкер өзінің жинақтаған қаражатына ғимаратты жалға алып, жөндеу жұмыстарын жасады. Алайда қажетті құрал-жабдыққа қаражат жеткіліксіз еді. Қаржы тарту туралы кеңес алу мақсатында Даму Қорының Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, кәсіпкер банктен несие алуға шешім қабылдайды. Бастауыш кәсіпкердің жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдады және Даму Қорының 70% кепілдендіруімен кепілмүлкі жетіспеушілігі шешіліп, 10 млн.теңге несие берілді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Алашбаеваныңнесиесі мемлекет тарапынан субсидияланып отыр.
Несие қаражатына Гүлсім жеке клиникасын соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықтап, соның арқасында емделушілерге сапалы қызмет көрсетуде.
- Қазіргі таңда көптеген азаматтар жеке кәсіп ашуды ойлайды, бірақ бизнестің қай түрімен айналысатынын білмей, қиналады. Менің алдымда мұндай мәселе туындаған жоқ, өйткені мамандығым дайын бизнес болып табылады. Алайда мен бизнеске 30 жылдан кейін ғана келдім. Менің жобамды қолдап, құрал-жабдықтар сатып алуға қаражат бөлген Даму Қоры мен Халық Банкіне алғысым зор. Медицина саласында бизнестің негізгі жарнамасы, бұл көңілі тоқ клиенттер. Егер қызмет өте сапалы, әрі жоғары деңгейде көрсетілсе, риза болған емделушілер жағымды әсерімен айналасындағылармен бөлісіп,клиниканың иммиджін көтереді ,– деп өз ойымен бөлісті Гүлсім Алашбаева.
Кәсіпкердің клиникасы бүгінде шағын болғанымен, Гүлсімнің сөзінше ол уақыт еншісінде шешілетін мәселе. Табысты клиникалардың тәжірибесін меңгере отырып, кәсіпкер жақын арада бизнесін дамытуды жоспарлап отыр.
- Ақылы медицина қазіргі таңда бизнестің ең тез дамушы саласының бірі. Азаматтар мемлекеттік емханалардағы ұзын-сонар кезектерден қашып, жеке клиникалардың қызметіне жүгінуде. Біздің мекемеде әрбір емделушіге ерекше көңіл бөлінеді, қабылдаудың жазылу арқылы жүзеге асуы пациенттерімізге өте ыңғайлы,олар емделу уақытын өздеріне тиімді мерзімге белгілей алады. Ауыз қуысына терапиялық ем жүргізу кезінде біз соңғы үлгідегі сапалы құрал-жабдықтарды қолданамыз. Барлық процедуралар жоғарғы деңгейде жасалады,- дейді кәсіпкер.
Гүлсім Алашбаеваның стоматологиялық клиникасында тісті ағартудан бастап, протездеуге дейінгі толық қызмет жиынтығы ұсынылған.