БАЙҚОҢЫРДАН «СОЮЗ» КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛДЫ
Бүгін, Астана уақыты бойынша 02 сағат 25 минутта Байқоңырдан бортында ресей-америкалық экипаж бар «Союз ТМА-14М» кемесі ұшырылды.
Халықаралық ғарыш станциясына «Союз ТМА-14М» көлік кемесінің командирі, ресейлік космонавт Александр Самокутяев, борт инженер-1, Роскосмос космонавты Елена Серова және америкалық астронавт, бортинженер-2 Барри Уилмор аттанды.
«Союз ТМА-14М» кемесі ұшырудан кейін 526 секунд өткен соң зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан штаттық режимде ажырады және ғарыш кемесі жер айналасындағы орбитаға шықты.
Ресейлік ұшуды басқару орталығының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, космонавтар өздерін жақсы сезінуде. «Союз ТМА-14М» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасымен түйісуі ұшырылғаннан кейін алты сағаттан соң болады деп жоспарланған.
Жарты жылға созылатын вахтада 41-42-ші ұзақмерзімді ғарыш экспедициясының мүшелері ашық ғарышқа шығумен қатар, үлкен ғылыми бағдарламаны орындайды, ХҒС-да ресейлік және америкалық жүк кемелерін қабылдайды.