ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін облыста мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттап жүрген БАҚ өкілдері марапатталды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқауда еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден көрсетілген хабарлар, жарияланған сайт мақалалары қамтылды.
Байқау жеңімпаздарын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев марапаттады. Байқау қорытындысымен баспасөз бойынша «Үздік мақала» номинациясына облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Сара Адайбаева, «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясына облыстық Қазақстан-Қызылорда телеарнасының редакторы Бекзат Есқалиев, «Үздік сайт мақаласы» номинациясымен «Қызылорда ньюс» интернет газетінің тілшісі Шынар Бекбан марапатталды. Ал «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы Толқын Қабылша, «Халық» газетінің тілшісі Гаухарай Есімова, «Ақмешіт апталығы» газетінің жауапты хатшысы Гаухар Қожахметова, Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Ақтөре Ибрагимұлы, Арал аудандық «Толқын» газетінің тілшісі Лаура Әйтімова, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кету керек, байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандық газеттердің, облыстық, қалалық басылымдардың, телеарналар мен интернет газеттерден 16 журналист тілшілер мен сала мамандары қатысты. Барлық марапат иелері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.