ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Мерейлі отбасы» сайысының жеңімпаздарын марапаттады.
Елбасының бастамасымен 2014 жылы алғаш өткізілген бұл сайыс дәстүрге айналып үлгерді.
«Мерейлі отбасы» конкурсы елімізде отбасы құндылықтарының артуына, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын насихаттауда орны ерекше, өнегелі шараның біріне айналып келеді.
Аймағымызда үшінші рет өткізіліп отырған бұл сайысқа қатысуға ниет білдірушілер саны жылдан-жылға артып келеді. Биыл байқауға облыстың барлық аудандарынан 297 отбасы қатысты.
Сайысқа қатысқан отбасылардың барлығы да жеңіске лайықты. Дегенмен, 8 отбасы үздік деп танылып, марапатқа ие болды.
"Ізгілікті шаңырақ" номинациясымен Сырдария ауданынан Жүсіповтер отбасы, ал "Үздік шебер" номинациясымен Қызылорда қаласының тұрғыны Жақыповтар отбасы марапатталады.
Сайыстың қорытындысы бойынша І-орынды Жаңақорған ауданынан Сыздықовтар отбасы мен Жалағаштық Мұстафаевтар әулеті иеленді. Жүлделі ІІ-орынға Жалағаш ауданының тұрғыны Сүлейменовтер мен Қармақшы ауданынан Құлмырзаевтар отбасы лайық деп танылды. Ал, ІІІ- орынды Шиелілік Ноғайбаевтар жанұясы мен Қызылорда қаласынан Әбдірахмановтар отбасы алды.
Аймақ басшысы барлық сайыс қатысушыларын құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
- Мемлекет тарапынан отбасына жасалып отырған ерекше қамқорлық пен жүйелі көмек әрбір қазақстандықтың өз болашағына деген сенімін күн өткен сайын нығайта түсуде. Ана мен баланы қорғауға арналған қаржы, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар өлшемі жыл сайын өсуде. Айта кету керек, 2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша облысымызда бала туу көрсеткіші 33,5 пайызға өсіп, өңіріміз республика бойынша алдыңғы қатарға шықты. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңдайы «Алтын алқа» белгісімен марапатталса, 12 мыңы «Күміс алқа» иегерлері атанды. Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруда рухани-адамгершіліктің бастауы. Сіздер әрқайсыларыңыз өз отбасыларыңызды берік сақтау, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу арқылы өз еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер, - деді облыс әкімі.