МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күніне орай Қызылорда қалалық әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, қала әкімінің орынбасары Қосым Дүйсенәліұлы мереке иелерін құттықтады.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Берікбол Ұзақұлы бірқатар азаматты облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған Белкөл кентінің әкімі А.Ибрагим ант қабылдады.
Тәртіп сақшылары да марапаттан құр қалмады. Облыстық мамандандырылған күзет қызметі және қалалық ішкі істер басқармасының бір топ қызметкері қала әкімінің алғыс хатын иеленді.
Тәртіп сақшылары да марапаттан құр қалмады. Облыстық мамандандырылған күзет қызметі және қалалық ішкі істер басқармасының бір топ қызметкері қала әкімінің алғыс хатын иеленді.