ЕЛІМІЗДЕ «ҰЛЫ ДАЛА АЗАМАТТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АВТОШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
4-12 шілде аралығында елімізде «Ұлы дала азаматтары» республикалық автошеруі өтеді. Алматы қаласынан басталатын шараға 13 ардагер қатысады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков брифинг барысында мəлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Аталған іс-шара ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығы жəне ҰОС жылдары алғашқы əскери құрамалардың құрылуына 75 жыл толуына орай ұйымдастырып отыр. Шеру 4 шілде күні Алматы қаласынан басталады. Қазақстанның барлық қалаларында боламыз. Автошеру 8 шілде күні Астана қаласына келеді. Осында үлкен жиын өтеді. Шараға 13 ардагер қатысады. Автошеру Алматы қаласында аяқталады», - дейді Е.Мамытбеков.
Сонымен қатар, брифингке генерал-майор, Астанадағы «Генералдар Кеңесі» РҚБ өкілі Марат Марденов қатысты.
Айта кетейік, автошеруге қатысушылар Астанаға 8 шілдеде келмек. Осы күні «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филлиалы «Отан қорғаушылар» алаңында жастар жəне үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ҚХА, ҚР Қорғаныс министрлігі, депуттардың қатысуымен бейбіт шеру өтеді.