ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz. Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында қатты жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында да жел күшейіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысында қатты ыстық болады. Атырау облысында өрт шығу қаупі бар.
Маңғыстау облысында қатты ыстық болады. Атырау облысында өрт шығу қаупі бар.