ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Атамекен» сауда үйінде Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетовтің төрағалығымен және Қызылорда облыстық прокуратурасы, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы, Қызылорда облысының Кәсіпкерлік палатасы, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары мен меншік иелері басшылары және жеке күзет ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында инженерлік-техникалық нығайтылуы бойынша «Атамекен» сауда үйі жоғары интеллектуалды жүйелермен жабдықталған озық тәжірибелі нысан ретінде таныстырылып, бөтен мүлік ұрлықтарының алдын алу мақсатында қала аумағында орналасқан сауда орындары, қонақ үйлер, букмекерлік кеңселер, мейрамханалар мен кафелер және ақша айналымы жүретін кәсіпорындардың арасында «Үлгілі нысандар» сайысын өткізу барысы талқыланды.
Жиында Экстремизмге қарсы күрес басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Дәріхожаев Мадияр, ОІІД Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Әбдрахманов Ерлан, ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Шүкіров Қуаныш, ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы полиция майоры Бақытжанов Амангелді, ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алменов Қайрат баяндамалар жасап, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу жүйесін, бөтен мүлік ұрлықтарын алдын алу бағытында қабылданып жатырған шаралар, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке объектілердің күзет ұйымдарымен келісімшартқа отырудың маңызын атап көрсетті.
Аталмыш жиын айтылған мәселелердің жерде қалмай, қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі