ҚЫЗЫЛОРДАДА «STOP-ТРАФИК» ІС-ШАРАСЫНЫҢ 2 КҮНІНДЕ 2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 21-23 маусым аралығында Қызылорда облысы аумағында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аталған шараның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау болып табылады.
Шараның 2 күнінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жезөкшелікпен айналысып жүрген 5, жеңгетайлықпен айналысып жүрген 1 азаматшаны анықтап, арнайы есепке алды. Сондай-ақ, пәтерді жалға береміз деп өткінші адамдарға тиісіп, өз қызметін еріксіз ұсынбақ болған 10 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы, яғни қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша әкімшілік шара көрілді.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында, яғни 2016 жылғы 22 маусымда Жаңақорған ауданының орталығында жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырып, пайдакүнемдік мақсатта жеңгейтайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі