РАФАЭЛЬ НАДАЛЬ РАКЕТКАСЫН ЕЛБАСЫНА ТАРТУ ЕТТІ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы теннис матчын тамашалады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы жарыс алдында әйгілі теннисшілерді қабылдап, кездесу барысында олардың осы келісі еліміздегі теннистің бұдан әрі дамуы үшін маңызды екендігіне тоқталды.
Өз кезегінде теннисшілер елімізге келуге шақырғаны үшін алғыс айта отырып, Қазақстанға келу олар үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Кездесудің соңында Рафаэль Надаль өзінің ракеткасын Елбасына тарту етті.
Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга елімізге сапары аясында қазақстандық жас теннисшілерге - "Team Kazakhstan" академиясының тәлімгерлеріне шеберлік дәрісін өткізді және Астананың көрікті жерлерін аралап көрді.