БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА СОҒЫС ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
21-22 маусымында Байқоңыр қаласында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алу құрметіне Еске алу және аза тұту күніне арналған іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Қаланың орталық алаңында Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл толуына орай «Еске алу шырағы» жалпы қалалық акциясы өтті. Орталық мәдениет және демалыс паркінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына арналған ескерткіш жанында Еске алу және аза тұту күніне орай митинг өткізілді. Аталған іс-шараларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы және «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істеп жатқан Қазақстан мен Ресей ұйымдарының ұжымдары қатысты. Естеріңізге салсақ, 22 маусым бұрынғы КСРО елдерінің күнтізбесіне ресми еске алу датасы ретінде - Еске алу және аза тұту күні болып енгізіліп отыр.