ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАҒА ЖАҢА АППАРАТ ОРНАТЫЛДЫ
Қызылорда қалалық ауруханасына алғаш рет медициналық жүйе орнатылды. Соның арқасында дәрігерлердің емдеу мүмкіндіктері арта түсті, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
Осы жүйе арқылы науқас жандардың өмірін арашалап қалуға болады. Қондырғы қаржы лизингі шарты негізінде 34 млн.-нан астам қаржыға сатып алынған. Медициналық лазерлік қондырғы арқылы несеп жолына және бүйрекке жиналған тастарды үгітіп шығарады. Ота жасамай-ақ лазерлік құралдың көмегімен адам жанын арашалап қалуға болады.