ЕЛIМIЗДЕ 10 МЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ
Экономикалық өсiмдi ынталандыру және жұмыспен қамту бойынша 2016-2017 жылдарға арналған қосымша iс-шаралар аясында ауыл тұрғындары үшiн 10 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бүгiнде облыс әкiмдерi 2834 жоба ұсынды. Олардың 2536-сы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге бағыттылған. Сондай-ақ, жетi өңiр 298 қондырғыны сатып алу бойынша ұсыныстар енгiздi», - деп хабарлады Т.Дүйсенова.
Министрдiң сөзiнше, 1917 елдi мекен, аудандық маңызы бар қалаларда жөндеу жұмыстары жүргiзiледi.
«Бiз Алматы қаласына қосылған селолық округтердi ескердiк. Осы жобаларға 10 мыңға жуық ауыл тұрғынын тарту көзделiп отыр. Қаражат ауылдар мен аудандық маңыздағы қалаларда тұрып жатқан халық саны ескерiле отырып бөлiндi. Бiз «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына өзгерiстер дайындаймыз. Бұл түзетулердi Ұлттық экономика және Инвестициялар министрлiгiмен келiсу қажет болады», - дедi министр.