«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелері «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қалада салынып жатқан құрылыс алаңдарын аралады.
«Қоғам» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, алғашқы нысан «Титов» мөлтек ауданындағы бас мердігер мекемесі «Тех-Сервис Қызылорда» ЖШС-нің «Құрылыс және жабдықтарды құрастыру жұмыстар» жобасы болды. Құрылыс жұмыстарына ұлттық қордан 2 млрд. 289 млн. 127мың теңге бөлінген. Жоба 2016 жылдың қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Одан кейін «СПМК-70» мөлтек ауданындағы салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің жұмысымен танысты. Депутаттық фракция мүшелері басты назарды жылу жүйелерінің, ауызсу және кәрізсу жүйелерін жүргізу жұмыстарына аударды. Бағдарлама аясында 24млрд 358 млн. теңге бөлінген.
Екі нысанның жұмыстары көңілге қонды. Олар заманауи технологиялармен жабдықталып, стандартқа сай жасалған. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта осы бағдарлама аясында жаңадан құрылыс жұмыстары жүргізілетін нысандарды аралау жоспарлануда.