ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫ 100 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН НЕСИЕ БЕРЕТІН БОЛАДЫ
Ұялы байланыс операторлары табыс табудың жаңа жолын ойлап тапты. Енді олар Қазақстан азаматтарына қарызға ақша беретін болады, деп жазады 24.kz.
Несиенің көлемі 100 теңгеден 100 мың теңгеге дейін. Жаңа қызмет биыл іске қосылуы тиіс. Айына 10 мың шағын несие беру. Ресімдеу уақыты небәрі 1 сағаттың көлемінде. Қазақстандық ұялы байланыс операторларының алдында осындай міндет тұр қазір. Монополистер ұсынған жаңа қызметті еліміздің кез келген азаматы пайдалана алады. Шарты қарапайым. Алған қарызыңды бір айда өтеу керек. Бастысы, несие беретін ұялы оператордың абоненті болсаң болғаны.
- Мысалы, сізге шұғыл түрде Астанадан ұшу керек болып тұр. 40 мың теңгенің билетін алу қажет. Қаражатты жедел алу үшін банкке бара алмайсыз. Ал достарыңыздан қарызға ақша алғыңыз келмейді делік. Сол кезде ұялы операторға несие алуға өтініш жолдауға болады, - дейді ұялы қаржы сервисінің жетекшісі Тимур Шалекенов.
Ал қызметтің жаңа түріне қатысты тұтынушылардың пікірі екіге бөлінді.
- Байланыс операторлары жаңа абоненттерді тарту үшін тарифтерін төмендете бастады. Ал бұл олардың кірісіне әсер етпей қоймайды. Сол себептен, операторлар пайда табудың жаңа жолдарын ойлап тапты, –дейді ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі тарифтерді реттеу басқармасының басшысы Тимур Баилов.
Сандарды сөйлетсек, жыл басынан бері байланыс операторлары 86 млн теңге пайда көрген. Ал былтыр осы уақытта олардың табысы 20 млн-ға артық болатын. Айту керек, Ресей, Пәкістан, Украина және Африка елдеріндегі бірнеше оператор дәл осындай шағын несиелендірумен айналысады. Қызметтің жаңа түрі Қазақстанда жыл соңына дейін іске қосылуы тиіс.