«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТЕ» ФРОНТ-ОФИСТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖҮРІП ЖАТЫР
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік қызметтерді алу үшін фронт-офистерді жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір кеңседе корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің біріңғай ақпараттық базасы, кедергісіз қызмет көрсету, электрондық кезек енгізілді, сондай-ақ нақты жұмыс режимінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін бақылауға болатын ахуалдық орталық енгізілді. Бөлімдердің көпшілігі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне көшті.
Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияда жаңғырту жұмыстарының екі кезеңі аяқталып, нәтижесінде аудандық және ауылдық маңыздағы елді мекендер 120 біріңғай фронт-офистермен қамтамасыз етілді. Енді азаматтар мемлекеттік корпорация көрсететін барлық қызмет түрлерін бір жерден ала алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, оңтайландыру жақын орналасқан фронт-офистерді біріктіру есебінен жүргізілуде. «Офистерді оңтайландыру азаматтардың қызметтерді бір жерден алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ ғимаратты күтіп-ұстау және жалға алу шығындарын едәуір азайтады. Бұл ретте мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жұмыс жүктемесіне қарай фронт-офистерге орналастырылады»,- дейді ол.
Офистерді жаңғыртумен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты мен құжаттар топтамасын қысқарту бойынша мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстары жалғасуда.
Естеріңізге салсақ, жаңа құрылым 530 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, ал жақында мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік корпорацияға беру үшін тағы 53 қызмет түрін белгіледі. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 583 қызмет түрін алатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі