БІРҚАТАР МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ
Қызылорда қалалық мәслихатының мәжіліс залында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті IV сессиясы тұрақты комиссиялары мен қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті.
Оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Ембергенов, сонымен қатар тұрақты комиссия, қалалық мәлсихаттың депутаттары, қалалық департамент басшылары, басқармалар, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қатысты.
Мекеме басшысы Б.Ембергенов «Суға түсу мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында өз баяндамасында қала аумағындағы су айдындарында – Сырдария өзені және өзектер, каналдар мен көлдерде де, әсіресе жазғы кезеңде суға түсу маусымында азаматтардың суға кету фактілерінің орын алып жатқандығы жөнінде айтып өтті. Жай ғана қарапайым ережелерін, атап айтсақ: су айдынында ішімдік ішіп суға түсу, суға шомылу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе жүзе білмеу, белгіленбеген жерлерде суға шомылу, балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы және т.б. ережелерге мән бермейтінін айтты.
Осы отырыста бірқатар қажетті мәселелер қарастырылды.
Баяндаманың соңында сессияда қаралып жатқан «Суға түсу мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары» атты тақырыбына байланысты мәслихат депутаттарына бірнеше ұсыныстар білдіріп, ол ұсыныстарды Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдады.
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев құтқарушылар тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң нәтиже беріп, Қызылорда облысының тұрғындарының суға түсу маусымында жұмысты әрі қарай жетілдіруіне елді-мекен әкімдеріне және департамент пен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ