АҚҚҰМШЫҚ ЖАҒАЖАЙЫНА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН АДАМДЫ ҚҰТҚАРДЫ
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары Қамыстыбас көлінің Аққұмшық жағажайында күнделікті кезекшілік жұмыстарын жүргізуде.
Кезекшілік барысында 19 маусым күні 15 сағат 57 минутта суға батып бара жатқан Сексеуіл елді мекенінің тұрғыны құтқарылды. ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушысы Б.Бисембин жағажайда кезекшілік кезінде су бетінде ес–түссіз жатқан адамды байқап қалады.
Құтқарушының шебер іс–қимылының арқасында 1998 жылы туылған жас жігітті судан жағаға шығарып, содан кейін дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-сі