ҚЫЗЫЛОРДАДА АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Кеше облыс орталығынан аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды, деп хабарлайды орталықтың үйлестіруші менеджері Гүлжан Омарова өзінің фейсбуктегі парақшасында.
Салтанатты шараға аймақ басшылығы, "Асыл мирас" жеке қайырымдылық қоры мен "Ашық əлем" қоғамдық бірлестігінің өкілдері, аутист балалар мен олардың ата-аналары, азаматтық қоғам мүшелері қатысты. Жиналғандар орталықты аралап, жұмысымен танысты. Бұл - Қызылордадағы теңдесі жоқ орын. Мұнда аутистикалық ауытқушылықтары бар балақайларды оңалтып, өмірге бейімдеу əлемдік стандарттарға сәйкес ақысыз негізде жүргізіледі. Бұл ата-аналар мен балалар үшін жасалған үлкен қамқорлық. Айта кету керек, облысымызда ресми дерек бойынша аутизмі бар 23 бала бар.
Шынар БЕКБАН