БҮГІН - ЕСКЕ АЛУ, АЗА ТҰТУ КҮНІ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛҒАН КҮНІ
1941 жылы 22 маусым - посткеңестік елдер үшін тарихтағы ең қайғылы күн. Бұл күні ХХ ғасырдың қантөгісті жылдары - Ұлы Отан соғысының басталған күні. 22 маусым бұрынғы КСРО елдерінің күнтізбесіне Еске алу және аза тұту күні ретінде ресми еске алу күні болып енгізілді, - деп жазады «Қазақпарат».
Бұл күні гитлерлік басқыншыларға қарсы айқаста қаза тапқан, тұтқында зәбір көрген, тылда аштан өлгендердің барлығын еске алады. Біз сұрапыл жылдары өз Отанын қорғай отырып, жандарын қиып, борышын өтегендердің барлығын аза тұтамыз. Көп елдерде бүгін мемлекеттік ту төмен түсіріліп, соғыста қаза тапқандар мен батырларын еске алады.
Төрт жылға созылған соғыс 27 миллионнан астам кеңес халқын жалмады. ҰОС 1945 жылы 9 мамырда Жеңіспен аяқталды.