«АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
13-18 мамыр аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті. Бұл туралы Қызылорда облысының қорғаныс істер жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысынан 20 оқушыдан құралған «Сыр сарбаздары» командасы өздерін жарыстың талаптарына сай, спорттың әскери – қолданбалы түрлерінен және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша жоғарғы дәрежеде көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша, жалпы әскери қорғаныс кешенін плащ түрінде кию түрінен Қызылорда қаласындағы №23 Ж. Қизатов атындағы мектептің 9 - сынып оқушысы Сабрина Палмахова II - орынды иеленді. Күштік сайыстан белтемірге тартылу, қоссырықта қолды бүгіп-жазу, шалқалай жатып, етпетінен жатып қолды бүгіп-жазу сайысы бойынша «Сыр сарбаздары» командасы жүлделі 1- ші орынды алды. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына Республика бойынша 16 әскери патриоттық клубтардың командалары қатысты. «Сыр сарбаздары» командасына 8-ші орынды алу бұйырды.
Айта кету керек, «Айбын» әскери-патриоттық жиынына облыстық іріктеу турынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп танылған 5 қыз 15 ұл іріктелініп «Сыр сарбаздары» тобына алынған болатын.