КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА
2016 жылдың 5 айында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында 5 арнайы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 47 кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды.
Заңдылықты бұзушылықтың барлық деректері бойынша 21 заңдылықты бұзулылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, 15 лауазым иелері тәртіптік жазаға тартылды, прокурорлармен 5,2 млн. теңге өндірілді.
Салық органдарының қызметіне тиісті дәрежеде бақылау жүргізу, әсіресе олармен кәсіпкерлердің шоттарына тыйым салынған жағдайларда аса маңызды.
Себебі, бұл шара қолма-қол ақшасыз есепайырысатын кәсіпкердің берекесін қашырып, тапсырыстардан айырылу, тиімді уақытты өткізіп алу, т.б. жағымсыз салдардан қызметінің толықтай тоқтауына әкеліп соғуы мүмкін.
Мысалы, Қызылорда облыстық прокуратурасымен мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне талдау жүргізіліп, кәсіпкелердің құқықтарын бұзу, оның ішінде кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін сақтамау, негізсіз хабарламалар жолдау, олардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын заңсыз тоқтату фактілері анықталды.
Нақтыласақ, кәсіпкерлермен түсініктемелер ұсынылғанына қарамастан, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен корпоративтік табыс салықтары бойынша кәсіпкерлерге қайталап хабарламалар қалыптастырылып, банк шоттарына тыйым салынған.
Солай бола тұра, екі кәсіпкерге керісінше банк шоттары бойынша шығыс операциялары Басқармамен ашылып берілген.
Яғни, болмашы негіздерде жекелеген кәсіпкерлік субъектілердің банк шоттары бойынша шығыс операциялары ашылып берілсе, қалған 4 кәсіпкерлік субъектінің шоттары прокуратура араласқанша 1 айдан астам мерзім бойы негізсіз тоқтатылып келген.
Қызылорда облыстық прокуратурасымен 03.06.2016 жылы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, аталған кәсіпкерлердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын ашып беру және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ашық кедергі жасаған кінәлі қызметкерлердің жауаптылығын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес қарау ұсынылып, қаралуда.
Ауылшаруашылығы саласындағы бизнесті дамытуға өңірімізде барлық жағдайлар бар, облыстың әр тұрғынына 3,2 га ауылшаруашылығы жерлері келеді.
Прокурорлық тексеру барысында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы тарапынан 2014, 2015 жылдары жайылымдарды суару үшін 7 шаруа қожалығына бөлінген субсидияның 9 857 648 теңгеге кем төленгені анықталып, прокурорлық қадағалау актісімен заңдылықты бұзушылықтар жойылды.
Нәтижесінде, егіс науқанында жерге салған әрбір тиынның маңызын түсінетін Жаңақорған ауданының Құмсуат, Рахман, Сырым, Тоқтамыс, Бұхарбай, Ақтас-1 және Ару Ана шаруа қожалықтары өздеріне тиесілі ақшаға қол жеткізе алды.
Прокуратура органдарының әрбір аумақтық құрылымында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде мобильдік топтар қызмет етуде, олардың құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері кіреді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жұмысшы топқа кәсіпкерлерден 11 хабарлама түсіп, бақылаушы органдардың 4 заңсыз тексеруі анықталып, жолы кесілді.
«WhatsApp» мобильдік қосымшасы арқылы облыстық прокуратураның 8-705-824-66-66 қауырт желісі қосулы, оған әрбір кәсіпкер өз проблемасын жеткізе алады.
Сенім телефондары жөнінде мәліметтер республикалық және жергілікті БАҚ-нан әрдайым жарияланып тұрады, сондай-ақ облыс және аудан орталықтарындағы билбордтар мен ЛЭД-экрандарға шығарылды.
Ботакөз СЕЙІЛ,
Қызылорда облыстық прокураурасының баспасөз хатшысы