«ҚАЗАТОМПРОМ» ҰАК» АҚ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЛИЦЕЙ МЕН ПЕРЗЕНТХАНА САЛАДЫ
Бүгін «Қазатомпром» ҰАК» Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды. Аталған компанияға қарасты Жаңақорған мен Шиелі ауданындағы мекемелердің жұмысымен танысып, облыс орталығында жиын өткізді.
Уран өндірісі Қазақстан экономикасының басым бағыт¬тары¬ның бірі. Бүгінде еліміз уран өндіру бойынша әлемнің көшбасшы мемлекеттерінің біріне айналды. Қызылорда облысы Шиелі ауданында орналасқан «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның уран өндірісіне ерекше екпін қосып отырған мекеменің бірі. Компания басшысына мекеме қызметкерлері өздерінің дүние жүзінде ең терең қабаттан өнім өндіруімен ерекшеленетінін атап өтті. Табиғи уран өндіру геотехнологиялық жүйемен 450-680 метр тереңдіктен қатарлы және ұялы орналасқан ұңғылар жүйесі арқылы көтеріледі. Яғни, экологиялық ахуалға зиян тигізбес үшін барлық жұмыс жер астында, тау жыныстарының орналасқан жерінде жүреді.
Мұнан соң «Қазатомпром» ҰАК» Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров Жаңақорған ауданындағы «Байкен-У» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бұл мекемеде жер асты байлығын игеруде экологиялық жағынан тиімді технологияны таңдаған. Мекеме бастығы Орақбай Ізбасханов уранды өндіру процесімен таныстырып шықты. Ол сілтілендіру реагенті негізінен тек жер астында жүргізілетінін айтты. Ерітіндіні сору мен құю циклында да тепе-теңдік сақталады. Кеніштің іші мен сыртындағы бұрғылау ұңғы¬лары¬ның сулары әр тоқсан сайын сорылып алынады. Сонан соң зертханаларға жіберіліп, тексеріліп тұрады. Соның хи¬миялық қорытындысы бойынша осы күнге дейін судың қыш¬қылдануы мен уранның көбеюі байқалмаған.
Ал «Қызылқұм» ЖШС-гі 2008 жылдан бастап уран өндіре бастады. Сол жылы 11 тонна өнім өнідірілсе, биыл 850 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Негізі бұл мекеменің қуаттылығы 3 мың тонна. Жоспар бойынша бұл межені 2021 жылы орындайды. Өткен жылы жалпы облыс көлемінде 3 320 тонна өндірілгенін ескерсек, 6-7 жылдың көлемінде бір мекемеде осындай өнім өндіріледі деген сөз.
Түс ауа облыс орталығында жиын өтті. Басқосуда аймақта техникалық лицей мен перзентхана салу сияқты бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға байланысты облыс әкімдігі мен «Қазатомпром» ҰАК» АҚ арасында меморандумға қол қойылатын болып келісілді.