ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШАРАЛАР АУҚЫМДЫ
Қасиетті Құрбан айт – мұсылман баласы үшін ұлық мереке. Мұсылман елдерінің көпшілігінде дерлік Құрбан айт мейрамы мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Күллі мұсылман қауымын ізгілік пен мейірімділікке жетелейтін қасиетті Құрбан айт мерекесіне аймағымызда да дайындық шаралары жасалуда.
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров тілшілерге Құрбан айт мейрамының қадыр-қасиеті мен ауқымды түрде атқарылатын іс-шаралар туралы мәлімдеме жасады.
Құрбан айт мерекесі күні яғни 4 қазанда «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жылдағы дәстүр бойынша айт намазынан кейін жамағатқа дастарқан жайылып, құрбандыққа шалынған малдардың еттері 100-ден аса отбасыларға бөліп беріледі. Мешіттің жанына 3 киіз үй тігіліп, түрлі спорттық ойындардан жарас ұйымдастырылмақ. Қарттар үйінде және облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында облыстық филармонияның атсалысуымен концерттік бағдарлама да өтеді. Сонымен қатар «Жібек жолы» сауда орталығында балалар үйінің сәбилері үшін ойын алаңдары тегін жұмыс жасап, тұрғындарға тағам таратылатын болады. Сол күні қала тұрғындары үшін тегін қоғамдық көліктерді ұйымдастыру да жоспарлануда. Бұның барлығы Құрбан айт мерекесінің халық арасында кеңінен насихаттап, мейрамның қадыр-қасиетінің жоғарлығын ұқтыру мақсатында жасалып жатқан шаралар, - дейді мешіттің бас имамы Талғат Омаров.
Айта кетейік, балиғат жасына толған, негізгі қажеттіліктерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие әр бір мұсылманға құрбандық шалу уәжіп. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яғни соның құнына тең келетін ақша.
Фариза ОМАРОВА