ҚАЗАҚСТАНДА АСТЫҚ ҚОЛХАТТАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Қазақстанда 2016 жылдың 23 шілдесінен бастап астық қолхаттары электронды түрде шығарылуы тиіс, деп мәлімдеді ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығын өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Ләззат Құпанова ведомствода өткен брифинг барысында, деп жазады primeminister.kz.
«Мақсат қойылды – электронды астық қолхатына көшу және астық есебін элеваторларда автоматтандыру. Ағымдағы жылдың 9 сәуір айында заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу туралы Заңы қабылданды. Заң өз күшіне ағымдағы жылдың 23 шілдесінен бастап енеді. Белгіленген күннен кейін астық қолхаттары электронды түрде жүргізілуі тиіс, ал астық нарығының субъектілері астық қолхатының ақпараттық жүйесінде жұмыс атқаратын болады», - деді Л.Құпанова.
Айта кетейік, электронды қолхат жүйесі фермерлер шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
«Астық қолхаты «құнды қағаз» мәртебесіне ие және элеваторға сақтау үшін тапсырылған астықтың меншік иесінің құқығын растайды. Сонымен қатар, астық қолхаты банкке қарыз беру үшін кепіл ретінде әрекет ете алады. Сонымен қатар, астық қолхаты қағаз түрінде енгізіліп отырды. 2002 жылдан 2015 жылға дейін отандық астық өндірушілер астықты қарызға беру арқылы аталмыш қолхат арқылы ЕДБ несие қоры жалпы сомасы 1,5 трлн теңгесін алды. Тәжірибе жұмысы электронды форматқа көшу керектігін көрсетті», - деді ол.
Оның айтуынша, ол айқындылықты қамтамасыз етуге көмектеседі, бұзушылықты жояды, сондай-ақ болашақта астықты электронды түрде сатуға көшеді.
«Фермер онлайн тәртібінде астық партиясы бойынша ақпарат ала алады. Сонымен қатар, астықты сақтауға берген кезде өз мүддесін қорғай алады және оның сапасын анықтайды. ҚР АШМ тұлғасындағы қадағалау органдары, жергілікті атқарушы органдар барлық лицензияланған астық элеваторлар берген астық қолхаттары бойынша заманауи дерекқорға онлайн тәртіпке рұқсат алады. Бұл оларға нарықтық жағдайларды талдауға мүмкіндік береді. Жүйе астық қолхаттарының барлық операцияларын қадағалайтындықтан, бұл деректер ашықтығын қамтамасыз етеді және осы саладағы қасақана бұзушылықтарды азайту көмектеседі», - деп түйіндеді АШМ өкілі.