ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ АУРУХАНАСЫНА АЛҒАШ РЕТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЛАЗЕРЛІК ЖҮЙЕ ОРНАТЫЛАДЫ
«ҚазМедТех» АҚ Қызылорда қаласының ауруханасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде Dornier Medilas Solvo медициналық лазерлік жүйесін алып берді. Аппаратты ресми түрде тапсыру рәсімі ағымдағы жылдың 21 маусым күні сағат 12.00-де Қызылорда қаласы, Әбуов көшесі 31а мекен-жайында өткізіледі (байланыс телефоны: 8(7242)29-01-05). Жаңа құрал хирургиялық жұмыстарға арналған, нақтырақ айтсақ, бүйректе жиналып қалған тастардың химиялық құрамы мен тығыздығына қарамастан толықтай жоюға мүмкіндік береді. Жаңа жабдық туралы оны тапсыру рәсімі барысында мамандар толық айтып бере алады.
«ҚазМедТех» АҚ баспасөз қызметі
«ҚазМедТех» АҚ баспасөз қызметі