ҚАЛА ӘКІМІ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үздік мектеп бітіруші түлектер «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады.
Салтанатты шара барысында қала әкімі түлектерді құттықтап, жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үздіктер сапынан көрінуге тілектестігін білдірді.
Келесі кезекте барлық түлектердің атынан сөз алған №222 мектептің бітіруші түлегі, 122 балдың иегері Бақберген Алдаберген алдағы уақытта да ел сенімін ақтау жолында білімін жетілдіріп, аянбай қызмет ететіндігін жеткізсе, №12 мектептің бітіруші түлегі Әлия Аймишева бүгінде қаламыз жаңаша кейіпке еніп, нағыз жастардың қаласына айналғандығын тілге тиек етіп, жастарға жасаған мол қамқорлығы үшін қала әкіміне түлектердің атынан алғысын білдірді.
Салтанатты шара соңында, қала әкімі «Алтын белгі» иегерлеріне сыйлықтар табыстап, естелік суретке түсті.
Айта кету керек, Қызылорда қаласы бойынша биыл мектепті 1894 оқушы бітіріп, 1427 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 31 оқушы «Алтын белгі» және 73 түлек «Үздік аттестат» иелері атанды. 9 оқушы халықаралық ғылыми жоба жүлдегері атанып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспай грант иегері атанды.