АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА
Мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері Жаңақорған ауданының Төменарық, Жайылма ауылдық округтері және кент тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Департаменттің қызметкерлері қатысушыларға мемлекеттік қызметтің жаңа моделін, мемлекеттік қызмет лауазымдарына орналасу тәртібін, мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы елімізде қабылданатын шараларды, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік жұмыстарын қалыптастыруды және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын түсіндірді.
Сондай - ақ бұл күні Департамент басшысы Жазира Жылқышиева «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарға жеке қабылдау жүргізді. Жеке қабылдауда өзекті мәселелер бойынша және кеңес сұраумен 5 аудан тұрғыны жүгінді. Барлық сұрақтар басшылықтың жеке бақылауына алынды.
Осындай шаралар 20 маусымда Арал ауданында жүргізіледі.