«РОБОТ ТЕХНИКАСЫ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ 6 маусым-22 шілде аралығында «Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсын жүргізуде.
«Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдерді оқыту Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында 16 қалада өткізіледі. Осы ретте біліктілікті арттыру курстарында үш мыңға жуық информатика пәнінің мұғалімдері, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 2016 жылы 167 педагог кадрлар біліктілігін арттырады.
Курстың бағдарламасы орта білім берудің қазақстандық жүйесіне енгізілетін педагогикалық инновациялар мәнмәтінінде әзірленді. Курс аясында педагогтер «Робот техникасы» элективтік курсының негіздерімен, Lego mindstorms EV3 Education жинағымен, роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен танысады.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде STEM қағидаларына негізделген «Робот техникасы» курсы жүргізіледі: бұл science (ғылым), technology (технология), engineering (инжиниринг) және mathematics (математика) бойынша оқытылады, оның міндеті нақты ғылымдарды оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану болып табылады. «Робот техникасы» курсын оқыту оқушылардың инженерлік және дизайндық-ойлау, математикалық моделдеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Элективті курс бағдарламасының негізгімақсаты:жалпы білім беретін ұйымдарда «Робот техникасы» элективтік курсын іске асыруды шығармашылықжәне практикалық негізде оқыту.
Бағдарламаның міндеттері:
• «Робот техникасы» элективтік курсының құрылымымен, мазмұнымен, мақсаттарымен және міндеттерімен мұғалімдерді таныстыру;
• мұғалімдердің шығармашылық, жобалау-зерттеушілік, және конструкторлық дағдыларын дамытуға ықпал ететін педагогикалық тәсілдерімен таныстыру.
Сонымен қатар пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы», «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «robotics.nis.edu.kz сайтындағы үлестірме материалдар мен таныстырылымдар» беріледі.
Жалпы курстың ұзақтығы 2 аптаны құрайды (80 сағат).
Курс барысында тыңдаушылар шағын топтарда жұмыс жасайды, сабақты жоспарлау кезінде практикалық білімді іске асырады. Курс аясында мұғалімдердің білім,білік дағдыларының деңгейін анықтау мақсатында 34 сабақ жоспары қамтылғанпортфолиолары бағаланады. Курстан кейінгі қолдау мақсатында робот техникасы тренерлері мен мұғалімдерінің желілік қоғамдастығының құралдары арқылы robotics.nis.edu.kz, www.cpm.kz сайтында жұмыс жүргізу көзделген.