ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әмірбек Бердібекұлы Шаймағамбетов және департамент жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші орган төрағасы Нұрмұрат Ниятұлы Ерманов облыс тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Аталмыш жиынға облыс халқымен қатар ішкі істер органдары ардагерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері және аудиоселекторлық режимде барлық облыс аудандары қатысты. Жиында бірінші сөз кезегін департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Әмірбек Бердібекұлы Шаймағамбетов алып, 2016 жылдың 5 айында ішкі істер органдары қызметкерлерімен атқарылған жұмыстар барысына тоқталып, орын алған құқық бұзушылықтар мен ашылған қылмыстар жайын сөз етті.
Бұдан кейін сөз кезегі Нұрмұрат Ниятұлына беріліп, 2015 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрықпен бекітілген «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы» үлгі-ережемен таныстырып өтті. Өз баяндамасында Консультативтік-кеңесші органдар қызметінің мақсатын, негізгі міндеттері мен құқықтарын айта келе, кеңестің отырыстары жылына кемінде 4 рет өткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, ол өз сөзінде консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің өкілеттіктерін қысқарту және тоқтату тәртібі, консультативтік-кеңесші органдардың жаңа мүшелерін бекіту тәртібі туралы, консультативтік-кеңесші органның жұмыс нысандары және шешімдері жайлы да мәліметтер беріп өтті.
Жиын барысында департамент басшылығы кездесуге келген азаматтардың сауалдарын, толғандырған мәселелерін тыңдап, толыққанды жауаптар берді. Полиция қызметі – халықтың сенімі арқылы өлшенетінін айта келіп, түйткілді мәселелерін шешуге тырысатын жеткізді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде бейжай қалмай, өзінің азаматтық ұстанымын, ұсыныс-пікірін білдірген азаматтарға алғысын білдірді.
Кей тұрғындар өзіне жүктелген күрделі істі атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалай келе, тәртіп сақшыларының жұмысын жан-жақты жариялауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын табатынына сенім білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі