ЖАС ҚҰРЫЛЫСШЫНЫҢ ЖЕТІСІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылордадағы «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы осы уақытқа дейін 1000-ға жуық жасқа еңбек майданына жолдама берді.
150-ден астам жас тұрақты жұмысқа орналасты. Биыл да жыл басынан 11 мекемеде 131 жас жұмыс жасауда. Жасақ сарбаздарын жігерлендіру мақсатында «Абу-Сер» ЖШС-нің нысан басшысы, жас құрылысшы Елемес Медеудің еңбек жолындағы жетістіктерімен танысу үшін кездесу ұйымдастырылды.
22 жастағы Медеу еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастады. Қазіргі күні Сырдария мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үй құрылысында нысан басшысы боп жүр.